23 мая, 2025
Жерлестеріміз Әлем чемпионатынан екі бірдей жүлде алды

Жерлестеріміз Әлем чемпионатынан екі бірдей жүлде алды

Канаданың Калгари қаласында жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен Әлем Чемпионатында  Қазақстан Республикасы  командасының құрамында өнер көрсетіп жүрген  Полина Омельчук пен Анастасия Галечина жүлдегер атанды.

Николай Федоренко жаттықтыратын құрама спортшылары 3000 метрлік эстафетада Оңтүстік Корея өкілдеріне жол беріп, 2-ші орынға ие болды.

Сонымен қатар, Анастасия Галечина 2000 метрлік MIX эстафетасында қола медаль жеңіп алды.