Жерлесіміз студенттер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды

Жерлесіміз студенттер арасындағы әлем чемпионатына жолдама алды

Жуырда Нұрсұлтан Қаблан үшін айтулы дода басталғалы тұр. Дзюдо күресінен ұлттық құрамамен Қытай еліне аттанады. Онда алдағы тамыз айында студенттер арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтермек.

 

“Биыл амандық болса, әлем, Азия чемпионаттарына дайындық жасап жатырмыз. Ересектер арасында үздік бестіктеміз. Осы еңбегіміз ескеріліп дзюдо күресінен ересектер арасындағы оқу-жаттығу жиындарына шақырту алып келеміз”, – дейді Нұрсұлтанның бапкері Сайлау Рыздықов.

 

Жақында олар ұлттық құрамамен Испания елінде оқу-жаттығу жиынына қатысып келді. Нұрсұлтан 2013 жылы Арқалық қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөліміне қабылданғалы облыстық, бірнеше респубиликалық додаларда топ жарды. Қазақ күресінен ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін өткен “Жас барыс” турнирін үш рет ұтты. Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.
Кейін дзюдо күресіне  ауысып, 2020 жылы Қостанай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы республикалық Чемпионатта 90 келі салмақ дәрежесінде 1-орын алды.
2022 жылы Ақтау қаласында өткен 2002-2003 Жастар арасында республика чемпионатында жүз келіден артық салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, дзюдо күресінен спорт шебері атағын қорғады.
Сол жылы Америка штатының Эквадор қаласында әлем чемпионатына қатысты. Осы жылы Қазақстан Республикасының Жастар  құрама командасына алынды. Оқу-жаттығу жиындарына қатысып, Тайланд мемлекетінде Жастар арасында өткен Азия чемпионатында жүз келіден артық салмақ дәрежесінде 3-орын алды. Биыл Дзюдо күресінен Абай облысы Семей қаласында өткен Жастар арасындағы республика Чемпионатында жүз келіден артық салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Жерлесімізге алдағы студенттер арасындағы әлем чемпионатында сәттілік жолдас болғай!

Жаңалықтармен бөлісу