Сүйінші! Арқалықтық жас ақын Нұрислам Рағат «Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысында Қостанай облысының намысын абыроймен қорғап, суырыпсалма шешендігі мен терең ойлы жырларымен көрермен мен қазылар алқасының жоғары бағасын алып, жүлделі І орынды иеленді.
Қостанай өңірінің атын республика деңгейінде ұлықтаған талантты жасқа бұл марапатты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент басшысы Ерлан Қалмақов тапсырды.
Нұрислам Арқалық қаласының ақындар мектебінде талабын шыңдап жүр. Ұстазы айтыскер Айбар Рағатов.
