Жерлесіміз он шақырымдық қашықтықта бірінші келді

Жерлесіміз он шақырымдық қашықтықта бірінші келді

Қостанайлық Татьна Нерознак он шақырымдық марафонда бірінші келіп, 37 минут 20 секунд көрсеткішке ие болды.

Kostanay Half Marathon сауықтыру іс-шарасы қатысушылардың көптігімен ерекшеленді. Еліміз бен әлемнің түкпірінен 879 адам жиналды. Мәселен, Ресей елінен осы марафонға арнайы 44 адам келді. Өзбекстан, Беларусия, Молдовия, Украина елдерінен бір-бір  қатысушыдан болды. Қазақстаннан  668 атлет қатысты.

«Бұл марафон жүгіру мен денсаулықтың нағыз мерекесіне айналды. Жарыс жылы және достық атмосферада өтіп, белсенді өмір салты мен спорттық жетістіктердің маңыздылығын атап өтпеуге болмайды. Қостанай қаласы әкімдігінің қолдауымен экстремалды Атлетика қоғамдық  бірлестігі ұйымдастырған бұлт кездесу жүгіру қоғамдастығының күші мен бірлігінің жарқын дәлелі болды», – дейді жарыс қожайыны Павел Тенцер.

Қатысушылар 10, 21 шақырым қашықтыққа жүгіретін ерлер және әйелдер командасына бөлінді. Қаламыздың сити орталығы арқылы Абай даңғылы мен Маяковский көшесіне дейінгі аралықты жүгіріп өтті.  Алматылық Александр Антонов 21 шақырымда бірінші келді. Оның жүгіру жылдамдығы 01:10:57 секунд көрсеткішке тең болды. Әйелдер арасында да бұл қашықтықты алматылық спортшы бірінші бағындырды. Ольга Серюкованың көрсеткіші 01:21:21 секунд. Екатеринбург қаласынан келген Максим Башкарев 10 шақырымды 32 минут 6 секундта жүгіріп өтіп бірінші орынды иеленді. Әйелдер арасындағы 10 шақырымдық үздік көрсеткіш жерлесіміз Татьяна Нерознакқа тиесілі. 37 минут 20 секунд.

«Kostanay Half Marathon ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға, еріктілер мен серіктестерге баға жетпес қолдауы мен белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Біз Қостанай қаласы әкімдігінің қолдауымен осындай ауқымды және табысты іс-шараны өткізгенімізді мақтан тұтамыз. Бұл іс-шара көптеген адамдар ерекше шабыт сыйлады деп үміттенеміз. Келесі жылы одан да үлкен жетістіктермен және 2000 жүгіруші спорт әуесқойларының қатысушыларын күтеміз», – дейді Павел Тенцер.

Осы жерде айта кетейік, марафонның ең жас қатысушысы 6 жаста болса,  ең егде қатысушының жасы  69 жаста.

Жаңалықтармен бөлісу