Жерлесіміз ІV Жазғы Азия ойындарының ұлттық  құрамасына енді

Жерлесіміз ІV Жазғы Азия ойындарының ұлттық құрамасына енді

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің түлегі, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат Ангелина Тюрикова Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Жазғы Азия ойындарында оқ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының құрамына енді хабарлайды білім басқармасының баспасөз қызметінен.
2019 жылы Ангелина Қостанай жоғары педагогикалық колледжіне, бастауыш білім беру мамандығына түсті. Колледжді қызыл дипломмен бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі біліктілігін алды.
Оқ атумен бірінші курстан айналыса бастады, Қостанай облысы әкімдігі Денешынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектер спорт клубы» КММ-де жаттығады, бірінші жаттықтырушысы – В. В. Кнышев, қазіргі уақытта оны А. Ж. Шунаев жаттықтырып жүр.
2021 жылдан бастап Ангелина Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамына кірді. Бұл спорт түрімен 3 жыл айналысып келеді.

 

Паралимпиадалық старттарда оқ атудан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Алматы қаласында ҚР кубогында   5- орын, кейін  оқ ату жұбының бас жүлдесін иелінді. Нови-Сад қаласындағы халықаралық жарыстағы әлем үздіктері арасында  (Сербия) 9-орыннан көрінді. Былтыр Алматы қаласында өткен ҚР чемпионатында   3-орын алды. Алматы қаласында  оқ атудан кубогі үшін өткен жарыста 2- орын алып,  биыл Ганновер қаласында (Германия) пара оқ атудан жарысқа қатысты. Осиек қаласы (Хорватия) – халықаралық нормативті орындады.

Қазіргі уақытта Ангелина Hangzhou 2023 «Asian para Games» халықаралық кешенді іс-шарасына қатысуда.
Қостанайлықтар өз түлегін әрқашан мақтан тұтады.

Жаңалықтармен бөлісу