Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстандық спортшы 65 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 281 келі (129+152) көтеріп, алтын медальға ие болған.
Айта кетейік, Ерсейіт жұлқа көтеруде де үздік атанды. Спортшы ның екі нәтижесі де U17 санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді.
