Жем-шөбін жеткізіп берді

Жем-шөбін жеткізіп берді

Арқалықта төтенше жағдайға байланысты халыққа жан-жақты көмек көрсету үрдістері жалғасын тауып жатыр.

Көктемгі күрт еріген қар суынан қала маңындағы елді мекендердің өзінде біраз адамдар не істерін білмей дағдарып қалды. Осындай сын сағатта облыс аудандарынан жем-шөп жеткізілді. Жергілікті билік осы қайырымдылық көмекті үй-жайларына су кіріп, табиғи апаттан жапа шеккен қала іргесіндегі ауылдар мен кенттердің тұрғындарына тегін таратып беруде. Қолында күш-көлігі жоқ қарапайым халыққа бұл үлкен көмек. Табиғаттың тосын мінезінен айтарлықтай жапа шеккен жекенің малдары үшін жем – шөп таратып, қиын шақта жәрдем беру жұмыстары тұрғындардың өтініштері бойынша жүзеге асырылды.

Бүгінгі күнге дейін бір ғана Родина ауылдық округінің өзінде 8 отбасыға мал азығы жеткізіліп, дер шағында көмек берілді.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу