23 мая, 2025
Желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай.
Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы. Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері – 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

«Қыс қыр астында. Қазір ауа райының құбылмалы мезгілі. Қазір ашық тұрса, ертең-ақ күн суыта салуы мүмкін. Көлік жөндеу орындарында да жұмыс қызған. Ұзынсонар кезек. Жыл сайын осы уақытта бұлай болуы заңдылық, – дейді көлік жөндеуші Тимур Ибрагимов.

Қазір 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық көліктер қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл – қауіпсіздік талаптары, өйткені алғашқы жауын-шашыннан кейін аласапыран басталады. Оның себебі – жүргізушілер қыс мезгіліне дайын болуы керек, дейді тәртіп сақшылары.
Ол жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды. Полицейлер осы бағыттағы профилактикалық жұмысты әлдеқашан бастап кеткен.

Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ