Арқалықтықтар жақсылық жасап жарысуда. «Наурызнама» онкүндігінің «Тазару күнінде» Арқалық жастары жалғызілікті қарттардың ауласын қардан тазартып, су басу қаупінің алдын алды.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы «Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы» колледжінің студенттерінен құрылған «Феникс» еріктілер тобымен бірлесіп Северный кенті, Құсайынова 23 мекенжайында тұратын жалғызбасты зейнеткер Фещук Леонид Павловичтің ауласын қардан тазалап, қарияның алғысына кенелді.
Жалғызілікті қарттардың аулаларын қардан тазалау жұмыстарына қаладағы жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің еріктілері де өз үлестерін қосуда. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттерінен құрылған «НКО» еріктілер тобы Жастар ресурстық орталығымен бірлесе «Новый» кенті, Киевский 11/2 мекен-жайында тұратын жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазалап берді.
Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларынан құрылған еріктілер тобы да қарияларға жәрдем беруде алғы лекте. Арқалық политехникалық колледжінің «Жүрек жылуы» еріктілер ұйымының еріктілері Северный кенті 13-ші үйде тұратын жалғызбасты зейнеткер, тың ардагері Юлия Иосифовнаның ауласының қарын тазалап, ізгілік іс тындырды.
Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің ерікті жастары өз үлестерін қосып Новый кенті, Павлова көшесі №66 үй мекен – жайында тұратын жалғызбасты зейнеткер Қымбат Бикееваның ауласын қарын тазартып, алғысын алды.
Родина ауылдық округінің әкімі Жандос Мұханбетжановтың қолдауымен Родина ауылында тұратын жалғыз басты зейнеткер Сыртынбаева Күнжамал апамыздың ауласын қардан тазалап, Жастар ресурстық орталығы және Родина ауылы әкімдігінің қызметкерлері көмек көрсетті.
«Қарттарымызға жыл бойы көмек қолын созып отырамыз. Мәселен, «Жақсылық апталығы» аясында Жастар ресурстық орталығы Арқалық политехникалық колледжінің студенттерінен құрылған «Жүрек жылуы» еріктілер тобымен Горбачев 111/2 мекен – жайында тұратын жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі баласы бар ананың үйіне қыстық отын кіргізіп берді. «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Арқалық политехникалық колледжінің студенттерінен құрылған еріктілер тобымен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп Северный кентіндегі Пионерская көшесі №5/7 мекен жайында тұратын зейнеткер Күнжамал Сыртынбаеваның қыстық отын ағашын жарып, сарайына кіргізіп берген болатын. Үлкенге құрмет – жастарға міндет. Еріктілеріміз қарттарға әрқашан көмек қолын созуға дайын. Жастардың үндеуі – «Жақсылық жасап жарысайық!». Наурызымыз құт-береке берсін. Рамазан айы мүбәрәк болсын. Әрқашан қарттарымызға қол ұшын созып көмек беруден тартынбайық», – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы