Жастар үлгі көрсетті

Жастар үлгі көрсетті

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Қостанай филиалы «Вандализмге жол жоқ» акциясына қатысып, Мичурин ауылындағы Ыбырай Алтынсарин кесенесін тазалауға барды.

Кесененің аумағын жапырақтар мен қоқыстан тазарту кезінде өрескел әрекеттер байқалмаған.

«Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері «Тың игерушілер» монументінде де болып, республикалық эко-акциясына қатысуды жалғастырды.

Акцияға жастар қанатының белсенділері, еріктілер мен блогерлер қатысты. Осы акция барысында ескерткішті вандализм фактілерінен тазарту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Барлығы отызға жуық жазулар мен суреттер тазартылды.

– Біз мәдени байлықты сақтауға және Қазақстанның ұлттық құндылықтарын сақтауға тиіспіз. Бұл эко-акция осы бағыттағы маңызды қадам және Қазақстан азаматтарын бұған белсенді қатысуға шақырамыз. Біз бірге вандализмді тоқтатып, мәдени және тарихи мұрамызды болашақ ұрпақ үшін сақтай аламыз! – дейді жастар.

Ескерткішті вандализм фактілерінен тазарту бойынша 30-ға жуық жазулар мен суреттер тазартылды.

«Жастар Рухы» жастар қанаты мәдени байлықты сақтауға және Қазақстанның ұлттық құндылықтарын сақтауға ұмтылады. Бұл эко-акция осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады және Қазақстан азаматтарын бұған белсенді қатысуға шақырады.

Әсел ҚИБАШ

Жаңалықтармен бөлісу