15 жастан асқан жасөспірімдерге пойызбен өз бетінше саяхаттау үшін енді бір ғана нотариалды куәландырылған құжат қажет, деп хабарлайды Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы.
Бұрын екі құжат талап етілді(жазбаша келісім және нотариалды куәландырылған баланың заңды өкілінің сенімхаты). Мұндай ережелер 2015 жылы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен белгіленді. Бірақ прокуратура қажетті құжаттар тізімінен қайшылықты көріп, оған наразылық білдірді.
“Белгілі болғандай, бұл норма Азаматтық кодекс пен “Нотариат туралы” заң бойынша келісім куәлігі жеке нотариаттық іс-әрекет болып табылатынын және сенімхат түрінде тағы бір құжатты ресімдеуді талап етпейтінін ескермеген. Мұндай талапты қолдану мониторингі көрсеткендей, жолсеріктер ережелерді сақтай отырып, жасөспірімдерді сапарға жібермейтін жағдайлар болған”, – делінген хабарламада.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокурорлардың дәлелдерімен келісті. Енді баланың өзімен бірге ата-анасының нотариалды куәландырылған келісімі болуы қажет.
Informburo.kz