Жасанды интеллект алаяқтардан құтқара ала ма?

Жасанды интеллект алаяқтардан құтқара ала ма?

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педегогикалық университетінің қабырғасында өткен өңірлік ғылыми конференцияның салтанатты ашылуында еліміздің Әнұраны шырқалып, университет ректоры Талғат Ещжанов, Директорлар кеңесінің төрағасы Бауыржан Ташмухамбетов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбековтер сөз сөйледі.

Спикерлер табиғи апат, әлеуметтік құндылықтар, киберқылмыстық сын — қатерлерге нақты мысалдармен тоқталды. Қатерлердің алдын алу үшін тиімді қауіпсіздік шараларын қабылдаудың маңыздылығына баса назар аудару қажеттігін айтты.

blank blank blank blank blank

Мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, университет басшылығы, директорлар кеңесі, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің жетекшілері, облыстық және аймақтық колледж, мектеп директорлары, пән мұғалімдері, жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер қауіпсіздік мәселелерін кешенді қарастырудың маңызын айтты. Жаңа қауіп-қатерлердің табиғатын түсіндіру, алдын алу әдістерін жетілдіру, ақпараттық технологиялар мен қоғам мәдениетінің рөлі сөз болды.

blank blank blank blank blank blank

Киберқауіпсіздік, әлеуметтік қауіпсіздік, урбанизация жағдайындағы тәуекелдер, деректерді қорғау, жасанды интеллект жүйелерінің қауіпсіздігі сияқты өзекті тақырыптар қамтылды. Сонымен қатар, өңірлік қауіпсіздік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар мен ғылыми бастамалар таныстырылды.

«Қауіпсіздік қатерлерінен қорғану – бұл өте өзекті мәселе. Себебі, кез – келген даму, әрбір жұмыс ең басты фундаментальды қажеттіліктен басталады. Ол – қауіпсіздік. Қауіпсіздік болмаса іс алға баспайды. Күшті бір іс жүріп жатса, бірақ қауіпті болса ол нәрсе бізге пайда алып келмейді. Керісінше зиянын көбірек алып келеді. Сондықтан, апатты жағдайлардан дер кезінде қорғану қазіргі заманның басты құндылығы екенін естен шығармауымыз керек», –дейді директорлар кеңесінің төрағасы Бауыржан Ташмухамбетов.

Жалпы, қорғаныс салаларының қоғамдағы ролі зор. Іс — шара ғылыми қауымдастықтың ынтымақтастығын нығайтуға, табиғи және салғырттық факторлардан туындайтын келеңсіздіктердің алдын алуға, өңірдегі қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, сондай-ақ заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қауіп-қатерлерді болдырмауға бағытталған.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                         Арқалық қаласы