Бейімбет Майлин ауданынан қатысқан жеңімпаз Анар Бимұратоваға тиесілі сыйлықты Қостанайда тұратын әкесі Ыбырай алып кетті. «Қостанай таңы» ұйымдастырған ұтыс ойынына осымен екінші жыл қатарынан облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Сапарқызының қолдауымен «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамы филиалы демеушілік етіп келеді. «Еуразиялық банк» ұсынған жемпірді газеттің директор-бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы жеңімпаздың әкесі Ыбырайға табыстады.
Ыбырай ақсақал өнегелі еңбек жолын ұстаздыққа арнаған жан. Әулиекөл ауданының Федосеев, Мырзакөл мектептерінде қырық жыл тарих пәнінен сабақ берген.
«Қызым Анар да өз жолымды қуып келеді . Әйет селосындағы қазақ мектебінде орыс тілі, әдебиетінен тәлім береді. Оқушылары облыс, республикалық бірнеше байқаулардың жеңіпаз, жүлдегерлері», – дейді зейнеткер.
«Қостанай таңының» ұтыс ойыны екінші жыл ұйымдастырылуда. 2025 жылдың оқырмандары үшін де жалғасады. Республика күніне орай өткізіліп жүрген іс-шараның бас демеушісі – «Сосновый бор» шипажайы. «Тобыл» футбол клубы, «Аllur» компаниясы, «Аманат», «Ауыл» партиялары, «Еуразиялық банк» АҚ, «Емшан» сауда үйі мен облыстың басқа да кәсіпкерлері қолдау көрсетті. Ұтыс ойынына қатысу үшін 2025 жылға 6 айдан 12 айға жазылу керек. Сонда сіз автоматты түрде ұтыс ойынына қатысушы атанасыз. Осылайша сыйлық иегері атануыңыз мүмкін.