Жас сарбаздарға қару-жарақ табысталды

Жас сарбаздарға қару-жарақ табысталды

Бүгін 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында 2-2023 сарбаздарына салтанатты түрде қару-жарақ табысталды.

“Әскери ант берген күнінен бастап, әрбір жас жеткіншек сарбаз атанады. Бүгінгі күні жас сарбаздарға салтанатты түрде қару табысталып, бүгіннен бастап командирлерінің көмегімен өздері түсетін қызметтің қыр-сырын меңгеруге кірісіп жатыр, – дейді 6697 әскери бөлімінің ТжӘҚЖ жөніндегі бөлімшенің бастығы майор Д. Шәріпбаев.

Ендігі кезекте әскери қызметшілер үшін қызметке түсу апталығы басталды, екі апта көлемінде сарбаздар өздерінің басты міндеті бекет сақшысы, Қостанай қаласының қоғамдық тәртібін сақтау қызметі бойынша патрульші ретінде сынайтын болады.

 

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Жаңалықтармен бөлісу