Биылғы жазғы жұмыстар маусым айының ортасында басталмақ. Жас шамасы 16-дан 35-ке дейінгі аралықтағы жастар өз бағын сынап көруге болады. Ол үшін қалалық ішкі саясат бөліміне хабарласса жетіп жатыр.
Қабылданушылардың еңбек ақысы 18-ге дейінгілер 70 мың теңгеден, одан жоғарылар 75 мың теңгеден кем алмайды. Ондағы жастар автомобиль жолдары, құрылыс, тазалық жұмыстарына жіберілетін болады. Бұл туралы жастарды еңбекпен қамту мекемесінің мамандары хабарлады.