Оқушылар бадминтон турнирінде бәсекеге түсті

Оқушылар бадминтон турнирінде бәсекеге түсті

Қостанайда бадминтоннан “Special Olympics” ашық турнирі өтіп, оған  білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерінен 36 бала қатысты.

«Бүгінде спортшылардың спорттық дайындығының сапасы жақсарғанын атап өту қажет. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында спорт залдарының жоқтығын ескере отырып, қол ұшын созған  мекемелердің басшылары мен жаттықтырушыларына осы қиындықтарға қарамастан, әртүрлі спорт түрлерін белсенді түрде дамытып, өз мекемелері үшін лайықты өнер көрсетуде. Мұның бәрі “Special Olympics” қозғалысының қызметін ерекше қолдау деп есептеймін.  Осы үшін  әлеуметтік қорғау және білім беру жүйесінің арнайы мекемелерінің барлық басшыларына алғысымды білдіремін», – деді қазақстандық арнайы олимпиада орталығы облыстық филиалының директоры Валентина  Исмурзина құттықтау сөзінде.

Жарыс қорытындысы бойынша, №14 ЖББОМ оқушылары Максим Николаев, Георгий Маслаускас, мүгедектер спорт клубынан қатысқан Әліби Тобағали, Ольга Понамаренко, №3 ОССУ Рудный орталығы тәрбиеленушілері Сергей Чубюк, Татьяна Русакова жеңімпаз атанды. Жұптық сайыста № 14 ЖББОМ оқушылары Максим Енохин мен Максим Николаев, мүгедектер спорт клубының тәрбиеленушілері Аружан Парахатова мен Ольга Понамаренко үздік көрінді. Күрделі диагнозы бар спортшыларға арналған жеке жарыста Руслан Нальгиев  52 ұпай жинады.

Барлық жеңімпаз медальдармен, грамоталармен маратапатталды. Қатысушыларға дене шынықтыру және спорт бөлімінің, “КӘЖ” облыстық филиалының грамоталары берілді.

Жаңалықтармен бөлісу