3 Мамыр, 2025
Жарықсыз құрылыс жоқ: Қостанайдағы электр желілеріне қосылу тәртібі

Жарықсыз құрылыс жоқ: Қостанайдағы электр желілеріне қосылу тәртібі

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ басшысы Тимур Алдабергеновпен сұхбат.

Үй немесе өндірістік нысан салу – әуре-сарсаңның жартысы ғана. Оны барлық инженерлік коммуникацияларға қосу керек. Ең алдымен, электр желілеріне. Иә, құрылыстың өзі көбіне электр қуатынсыз мүмкін емес. Мұндай қосылымды жобалау процесі бұрын өте ұзақ болды және көп уақыт пен күш жұмсады. Біздің сұхбаттасушы – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ басшысы Тимур Әуесханұлы бүгінде электр желілеріне қосылу рәсімі қалай жүзеге асырылып жатқанын айтады.

– Тимур Әуесханұлы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды кім ала алады?

– Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағына сәйкес, электр желісіне қолжетімділік алу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді; көппәтерлі үйлерде тұратын тұтынушыларды қоспағанда.

Көппәтерлі үйлерде тұратын тұтынушылардың электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым кондоминиум объектісін басқару органының, МИБ, ПИК уәкілетті өкіліне техникалық шарттарды береді.

– Техникалық шарттарды алу үшін қандай құжаттар қажет?

– Тұтынушыға электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар еркін нысандағы өтініш және Қағидаларына 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды беруге өтінішке сауалнама негізінде беріледі.

Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары тұтынушылар сауалнамаға жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қосады.

– Техникалық шарттарды алу қанша уақытты алады?

– Қағидалардың 13-тармағына сәйкес энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді – техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде; техникалық жағынан күрделі объектілер үшін10 (он) жұмыс күні ішінде.

Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезеңінде уақытша техникалық шарттар беріледі. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 7-1-тармағына сәйкес құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан астам асып кетсе, уақытша техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда құрылыс кезеңіне ұзартылады. Құрылыстың басталғаны туралы растайтын құжаттарды ұсынбау берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін техникалық шарттар жарамсыз болып саналады.

Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Жобаланатын желілерден техникалық шарттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады. Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін ақы алынбайды.

– Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда не істейді?

– Қағидалардың 18-тармағына сәйкес, техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптамалық ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен байланысқан кезде тұтынушының сұрауы бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұралған ақпаратты береді. Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы қорытындысы негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға еркін нысандағы өтінішті қайта береді. Техникалық ерекшелікте көрсетілген талаптарды өзгертуден қайталап бас тартқан жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекетіне шағымданады.

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдерінің орындалуын мемлекет қалай бақылайды?

– Электр энергиясын пайдалану қағидалар, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сияқты электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бар. ҚР ЭМ АЭҚБК Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы осы нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, «Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингтік көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл рейтингте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:

– Әр ай сайын техникалық шарттарды беру, жобалық шешімдерді келісу және электрмен жабдықтау келісім-шартына қол қоюбөлігінде Қазақстан Республикасының электроэнергетика саласындағы заңнамасының орындалуын, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың және сенімділігі мен сапасын мониторингтеу жұмыстары жүргізіледі;

– Әр ай сайын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі елдегі кәсіпкерлік қызметті жақсарту, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» көрсеткіші бойынша позицияларын жақсарту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Тимур Әуесханұлы, әңгімеңізге рахмет! Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі бұзылған жағдайда қала және облыс тұрғындары қайда хабарласа алады?

– Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау желілеріне қосу тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда, тұтынушылар өз әрекеттеріне Қостанай қ., Гоголь көш. 75, 320 кабинетмекенжайыбойынша, телефон 8 (7142) 50-02-60 немесе «E – Otinish» арқылы «ҚР ЭМ АЭҚБК-нің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шағымдана алады.

Жаңалықтармен бөлісу