Данияр Үсенов былтыр футболдан «Жетісу» сапында 18 матчқа қатысып, 2 гол соқса, 1 рет нәтижелі пас берген.
Клубтың баспасөз қызметі Даниярды:
“Орталық шептің әмбебап ойыншысы. Ол шабуылды жақсы бастайды, сонымен қатар қорғаныс шебіне көмектесе алады”, – деп бағалап отыр.
“Каспий” клубының түлегі 15 жасында “Қайрат” академиясына ауысып, “Қайрат жастар” кулбында ойнаған. Араға төрт жыл салып, 2020 жылы негізгі құрамға қабылданды. Премьер лигадағы дебюті 7 наурызда “Таразға” қарсы өткен.