Жаркөлдің көрші ауылдары шұғыл шараға қамданып отыр

Жаркөлдің көрші ауылдары шұғыл шараға қамданып отыр

Жанкелдин ауданындағы төтенше жағдай қалыпты деп айтуға әлі ерте. Сарысу ауылындағы көмекке жүгінген тұрғындар аудан орталығына көшіп келді. “Ауыл шетіне келіп тұрған судың деңгейі төмендеп, беті қайтар”деп үмітпен отырған ауылдық ағайындардың кейбірі жылы орындарын әзірге суытқылар келмейтін сияқты.

Ал, Тәуіш ауылының ой жағында тұратын 5 үй судың ортасында қалған. Кейбір тұрғындар көшуден бас тартып жатыр екен. Көрші ауылдардың жағдайын әлеуметтік желіден естіп, біліп отырған Сужарған ауылының тұрғындары бекер қарап отыруды жөн санамаған сыңайлы. Елдегі азаматтар сыртта жүрген ел тумаларынан қолдау сұрап үндеу жариялады. Көмек сұрағанға көп алданбайтын сужарғандықтар ағайындарға резеңке етік, қолғап, күрек тағы да басқа қажетті заттар алуға өз бетінше қаражат жинауға кірісті.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Жаңалықтармен бөлісу