Бүгін Жанкелдин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылы маңындағы тасқынға қарсы күресті күшейте түсті. Су бұзып кеткен жол учаскелеріне арнаулы бригада жұмылдырылып, тағы бір КамАЗ көмекке жіберілген. Бұл жөнінде сол жерде жүрген аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов баяндап берді.
Аудан әкімдігі өкілінің айтуынша, “Қисыққарасу” суағарын аман алып қалу үшін басталған күрес бір апта, он күн бойы жалғасу үстінде.
Бірақ тасқын бой бермей, тосқауылды әлсін-әлсін бұзып кетіп жатыр.
“Тәуіш ауылының жастары, ауданнан келген жол мамандары, мекеме қызметкерлері, жауынгерлер көмектесіп, осы жердегі тасқынды он күндей ұстап тұрдық. Бірақ су үсті-үстіне келіп жатыр. Бой бермей, суағарды жырып кетті. Сол жердерді қайта бітеуге тырысып жатырмыз. Жалпы, тек осы маңда аз жұмыс атқарылған жоқ. Екі шақырымдай дамбы салдық. Қаз-қатар қаппен қалап жатырмыз. Нәтиже аз. Дегенмен жұмыс жалғасу үстінде”, – дейді ауыл әкімдігінің бас маманы Еренбол Алматов.