Дала жануарларын заңсыз аулау толастамай тұр

Дала жануарларын заңсыз аулау толастамай тұр

Қостанай облыстық прокуроры Берік Әбіловтің төрағалығымен орман қорында жануарлар дүниесін қорғау және өрт қауіпсіздігі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов және облыстық мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар ведомстволарының, орман шаруашылығы мекемелерінің, «Науырзым» қорығы мен «Алтын Дала» резерватының басшылары қатысты.

Отырысты аша отырып, облыс прокуроры өңірдің бірегей табиғи ресурстар мен жануарларға бай екенін, бұл тез баюға әуестілердің назарын аударатынын атап өтті.

Жануарлар әлемі мемлекеттің қорғауында болғанына қарамастан, соңғы жылдары аймақта қызыл кітапқа енген жануарларға қатысты браконеньерлік іс қимылдар көбейе бастады.

Облыстық прокуратура мамандарының келтірілген деректері бойынша, соңғы 3 жылда өңірде жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың саны 17%-ға өскен.

Сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін  43 қылмыстық іс тіркелді, оның 20-сы облыстық сотқа жіберілді.

Мысалы, 2023 жылғы 22 желтоқсанда полиция қызметкерлері Қостанай қаласының маңындағы Әулиекөл тас жолында жолаушылардын шағын автобусын тоқтатты, онда жалпы құны 2,1 млрд теңге болатын 300-дана киік мүйізі табылды. Осы факт бойынша қылмыстық іс бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Өңірдің аңшылық шаруашылықтарының жануарлар дүниесін қорғау, олардың санын көбейту және пайдалану мәселелеріне назар аударылды.

Жүргізіліп жатқан жұмысты топтастыру және тиімділігін арттыру аясында браконьерлікке қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді.  Шекара маңындағы өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді.

Сондай-ақ, Үйлестіру кеңесінің отырысында республикада ауданы бойынша 6-шы орында тұрған өңірдің орман қорындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Облыс прокуроры қатысушылардың назарын ыстық жаздың болжамын ескере отырып, орман қоры қауіпсіздігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауында екендігіне, оның тапсырмасын орындау үшін барлық орман мекемелерінің дайындығына талдау және бақылау жүргізілуіне назар аударды.

Әулиекөл ауданында 2022 жылғы қыркүйекте ірі орман өртінің туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларға назар аударылды, сондай-ақ заңсыз кесу фактілерінің жою және мемлекетке келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар әзірленді.

Облыстың Үйлестіру кеңесі деңгейінде орман алқабында ғана емес, тұрғын үй секторының орман қорына жақын орналасқан жерлерде де өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған қосымша іс шаралар қабылданды.

Жанболсын Ноғаев,

ҚӨУ 3-курс студенті.

Жаңалықтармен бөлісу