Жанкелдин ауданының шалғай елді мекеніне жарық берілді

Жанкелдин ауданының шалғай елді мекеніне жарық берілді

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Аслан Орынбасаров баяндады.

Басқарма басшысының орынбасары осыдан екі күн Аманкелді селосының электр желілері қалпына келтірілгенін айтып отыр.

“Қазір Арқалық қаласының жағдайы қалыпты деуге келеді. Аманкелді селосына алдыңғы күні жарық берілді. Бүгін Жанкелдин ауданының Жанкелдин ауылындағы электр энергиясы іске қосылды”, – деп атап өтті Аслан Орынбасаров.

Бұған дейін тасқын суынан зардап шеккен өңірлердің электр энергиясы мен байланыс жүйесін қалпына келтіруге 27 маманы бар арнайы топ пен 12 техника жұмылдырылғанын хабарлаған болатынбыз.

Жаңалықтармен бөлісу