Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері қарғын су аясында жүйелі жұмыстар атқаруда. Мәселен, аудандық маңызы бар Шеген-Торғай автожолының Торғай ауылынан шамамен 2 шақырым қашықтықтағы бөлігінде қар суы жолды шая бастаған.
Төтеншеліктер мен 2- құтқару батальонының қызметкерлері тез арада жетіп, қапшықтарға құм толтырып, судын әрі қарай таралмауына тосқауыл болды.
Бүгінгі таңда ТЖД қызметкерлері жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Бұдан бөлек, аудан аумағында қар шығару, арнайы бөгеттер жасау, су өткізгіш құрылғыларды тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жангелдин ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары үздіксіз күндіз де- түнде де жүргізіліп жатыр.
Қостанай облысының ТЖД мамандары тұрғындарды көктемгі тасқын кезеңінде аса сақ болуға шақырады.
Су деңгейінің өзгеруін үнемі бақылап, қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне және хабарласу қажеттігін ескертеді.