Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті дәстүрлі Жолдауын жария етіп, еліміздің болашағын айқындайтын маңызды бағыттарға тоқталды. Президент қазіргідей жаһандық өзгерістер заманында ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, елді сапалы дамытудың басты міндеттерін атап көрсетті.Жолдауда көтерілген әрбір бастама нақты іске бағытталған. Әсіресе, келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» деп жариялау туралы ұсынысы – ел өміріндегі аса серпінді қадам. Бұл ретте инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары өңірлерде нақты нәтижесін бере бастағаны қуантады; айталық, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, биыл толықтай қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта өңірлерде жолдар, денсаулық сақтау және білім беру нысандарының бой көтеруі өңірлік дамуды жаңа сапаға көтеріледі.
Маған ерекше ұнағаны – елді цифрлық мемлекетке айналдыру және жасанды интеллектіні барлық салаға батыл енгізу бағыты. Еліміздің озық технологиялардың күшімен қарыштап көркейіп, жаһандық бәсекеде озық болуы – уақыт талабы.
Сонымен қатар аграрлық саланы дамытуға ерекше мән берілуі көңіл қуантады. Ауыл шаруашылығын ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін жетілдіру, озық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы бұл саланың әлеуетін еселеп, елімізді әлемдік деңгейдегі негізгі азық-түлік орталығына айналдыру – уақытылы қойылған стратегиялық мақсат.
Бұл бастамалардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Президент алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше мән беріп, учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды айтылды. Осы қадам 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ең төменгі жалақы мөлшері 110 мың теңгеге көтеру тапсырылды. Бұл миллиондаған азаматтың тұрмысын жақсартуға нақты әсер етеді.
Мемлекет басшысы айқындаған «Адал азамат» идеологиясы, заң мен тәртіпті сақтау қағидаты – жарқын болашаққа бастар басты бағдар. Еліміздің қуатты, әділетті әрі өркениетті мемлекет ретінде дамитынына кәміл сенімдімін.
Бибігүл Аққожина,
«Әділет» партиясы ҚОФ басшысы
