Жангелдин ауданының құрамасы волейбол турнирінің жеңімпазы атанды

Жангелдин ауданының құрамасы волейбол турнирінің жеңімпазы атанды

Арқалықта волейбол ойынынан ашық турнир өтті. Бұл жарыста торғайлық команданың бәсі басым болды.

Екінші орынды Амангелді ауданы, үшінші орынды Арқалық қаласының командалары иеленді. Осылайша, екі күн қатарынан қаланы дүбірге бөлеп, жаңадан ашылған «Қазақстан» спорт кешенінде өткен өрнекті ойындар жанкүйерлердің көзайымына айналды.

blankВолейболдан 40 жастан жоғары ерлер командалары арасында қалалық ашық турнирге алаң иелерімен қатар көршілес аудандардың командалары да қатысып, жүлдегер атанды.blankСалтанатты ашылуында еліміздің әнұраны шырқалып, спортшыларды қаланың сыйлы ардагерлерінің бірі Қаратай Нұрманов, қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков, қалалық білім бөлімінің аға спорт тәлімгері Ораз Даркеновтер жылы лебіздерін білдіріп, бұқаралық спортты дамытуда жасалып жатқан оң өзгерістерге ризашылықтарын білдірді.blankblankТурнир түйінінде жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, медаль, мадақтама және ақшалай сыйақы табысталды. Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткен ойыншыларға яғни, үздік ойыншы, шабуылшы, доп үйлестіруші, ардагер ойыншыларға статуэтка табыс етілді.blankblank

 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                                        Арқалық қаласы