Жаңадан 42 су қоймасы салынады

Жаңадан 42 су қоймасы салынады

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы маңызды екі құжат әзірленді. Біріншісі – су ресурстарын 2030 жылға дейін басқару тұжырымдамасы. Екіншісі – жаңа Су кодексі. Осы құжаттарда бекітілген шаралар туралы вице-министр Нұрлан Алдамжаров баяндап берді.

Оның айтуынша, су ресурстарын 2030 жылға дейін басқару тұжырымдамасына 160 шақты іс-шара енгізілген. Алғашқы кезекте, 42 жаңа су қоймасын салу жоспарда бар. Жалпы су қорының көлемі 2,6 млрд текше метр болады делініп отыр.

Бұдан бөлек, 37 су қоймасын қалпына келтіру көзделеді. Мұның арқасында 2 млрд текше метр су жиюға мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ осы Концепцияда 14,5 мың шақырымдық ирригация жүйесін қалпына келтіру шаралары қолға алынады.

«Біз әзірлеген екінші құжат – жаңа Су кодексінің де маңызы аса зор. Ол қазіргі уақытта Мәжіліс қарауында. Жыл соңына дейін қолымызға тиеді деген сенімдеміз. Бұл кодекстің сала қызметін жетілдіре түсуге оң ықпалын тигізері сөзсіз», – дейді Н.Алдамжаров.

Спикер иесіз су нысандарының мемлекет меншігіне берілгенін, жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.

Жаңалықтармен бөлісу