Жаңа жылдық тосынсый балаларға қуаныш сыйлады

Жаңа жылдық тосынсый балаларға қуаныш сыйлады

Интернат ұйымдарының 24 тәрбиеленушісіне облыс әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы мен «Allur» компаниясы жаңа жылдық мереке ұйымдастырды.

Балалар таяуда ғана ашылған «IQOSTANAY» оқушылар сарайындағы интерактивті экскурсияда болып қайтты, олар әртүрлі салаларда: робототехника және қыш-құмыра кәсібінде, киберспорт залы мен виртуалды студияда өз білім мен қабілеттерін байқап көрді.

Балалар кешкі Қостанайды аралап, жарқын және ұмытылмайтын әсерге бөленді. Балалар отырған «Allur» компаниясының мерекелік безендірілген 8 автомобиль кортежі облыс орталығының ең көрікті жерлерін аралап шықты.

Қала орталығында қойылған жаңа жыл шыршасы алдында Аяз Ата мен Ақшақармен кездесу, қызықты қойылым мен тәтті сыйлықтар мерекенің сәнін келтірді.

Жаңалықтармен бөлісу