Келер жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам сомада шығыстар көзделген. Өткен жылмен салыстырғанда өсу 12,5 құрайды. Сондай-ақ, балалары бар екі миллионға жуық қазақстандық отбасы республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақылармен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алады.
Мемлекеттік жәрдемақылардың барлық мөлшері 6,5 пайызға артпақ. Әлеуметтік кодекске сәйкес баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 1-ші, 2-ші, 3-ші бала туған кезде – 149 416 теңге, төртінші және одан көп бала туған кезде – 247 716 теңге болмақ. Ал бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оған күтім жасауға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін) – бірінші балаға – 22 649 теңне, екінші балаға – 26 777 теңге, үшінші балаға – 30 867 теңге болады.
Төртінші және одан көп балаларға – 34 995 теңге. Төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде жалпы орта, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға олар 18 жасқа толғаннан кейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалардың санына байланысты белгіленеді. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға – 63 030 теңге, 5 баласы барларға – 78 798 теңге, алты баласы бар отбасыларға – 97 565 теңге.
Сондай-ақ, жеті баласы барларға 110 332 теңге төленсе, сегіз баласы бар отбасылар әр балаға 15 728 теңгеден төленеді. Алтын құрсақты аналарға да құрмет шектелмейді. Айталық, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталғандарға – 29 097 теңге төленеді.
“Күміс алқа” иегерлеріне – 25 165 теңге. Сонымен қатар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға ол 18 жасқа толғанға дейін тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы 74 428 теңге мөлшерінде төленеді. Жоғарыда аталған жәрдемақылармен қатар 2025 жылы республикалық бюджеттен де көтерілетін болады.
Сералы МЫРЗАБАЙ