Жаңа жыл қарсаңында жаңа көліктер берілді 

Жаңа жыл қарсаңында жаңа көліктер берілді 

Бүгін Қостанай облысының Төтенше жағдайлар Департаменті үшін маңызды оқиға болды. Материалдық-техникалық базаны нығайту жолындағы маңызды қадамға куә болып қайттық.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов төтенше жағдайлар қызметкерлеріне жаңа көлік кілттерін табыс етті.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов төтенше жағдайлар қызметкерлерін марапаттады.

“Күндіз-түні халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келесіздер. Төтенше жағдай орын алған жерге уақытында жетіп, сапалы қызмет көрсету үшін материалдық база мен техника сақадай сай болуы керек. Осы жағдай әр жылда ескеріліп, биылдың өзінде 714 млн теңге бөлінді, 23 әртүрлі техникалар сатып алынды”, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Қостанайдың бірқатар төтенше жағдайлар қызметкерлеріне SKODA KODIAQ, TOYOTA HILUX көліктері табыс етілсе, табиғат апаттары жиі орын алатын шалғай аудандарға ТРЭКОЛ жол талғамайтын-батпақта жүргіш көліктері берілді. Мәселен, ондай көлікке ие болған жанның бірі Арқалық қаласының Жедел құтқару жасағының басшысы Марат Таутанұлы Галин.

“Мұндай көлік бұрын бізде болған емес. Енді кез келген апатты жағдайдың алдын алуға мына көліктің мүмкіндігі зор”, – дейді ол.

Бұл заманауи техника келешекте табиғи, техногендік апаттар, мобильді, жедел төтенше жағдайларға дайын болуға мүмкіндік бергелі тұр.

Біздің өңіріміздің қауіпсіздігіне қызмет етіп, төтенше жағдайларға тиімді ден қоюға ықпал етеді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА 

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев 

Жаңалықтармен бөлісу