Түзетулердің жекелеген блогі инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге және шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым тартымды жағдай жасауға арналған. Атап айтқанда, инвестициялық басым келісімшарттар, сондай-ақ фискалдық преференциялар пакетінде көзделген барлық инвестиция туралы келісімдер жасау тетігін қалпына келтіру ұсынылады.
Сонымен қатар инвесторларға қажетті инфрақұрылымды дербес жүргізуге мүмкіндік беру, кейіннен КТС бойынша шегерім тетігі арқылы келтірілген шығынды өтеу ұсынылады.
Жаңа пакетке бұрын Жобалық кеңсе отырыстарында әзірленген шешімдер де енгізілген. Олардың қатарында тауарды таңбалау шығысына үстеме шегерім енгізу, мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС бойынша шегерімді кеңейту, әлеуметтік салықтан жекелеген кірістерді босатуды қалпына келтіру, ҚҚС-дан факторинг пен форфейтингіні босату, есепке жатқызылатын ауыл шаруашылығы өнімі бойынша ҚҚС-ны түзету, жеміс шарабына акциз және басқа да бастамалар бар. Пакетке Жобалық кеңсе жұмысы барысында қабылданған 20 шешім кірді.
Сондай-ақ пакет салықтық әкімшілендіруді одан әрі цифрландыруға, салық рәсімдерін жетілдіруге және Салық кодексін қолдану барысында анықталған мәселелерді шешуге арналған түзетулермен толықтырылды. Олар салық төлеушілердің өтініштерін, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Жоғары аудиторлық палатаның ұсыныстарын ескере отырып дайындалды.
