Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысты қолдап, «Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек», деп нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда, «AMANAT» партиясының бастамасымен Жаңа Салық кодексі жобасына кітап шығаруды ҚҚС-тан босату туралы норма енгізілді.
Бұған қоса, партияның сайлауалды бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру жұмысы аясында кітапханашылардың жалақысы артты.
Жалпы, «AMANAT» партиясы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға және қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған өзге де байыпты бастамаларды қолға алып келеді.
Соның жарқын дәлелі – «Кітап-AMANAT» жобасы. Аталған жоба аясында елімізде 24 кітап орталығы ашылды. Онда отандық жазушылардың, авторлардың, баспагерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бүгінге дейін ел аумағында осы мазмұндағы 700-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.