Қаржылық қадағалау агенттігі отандық банктерді өздерінің қарыздары мен салымдарының жарнамасында сыйақының жоғары және төменгі шегін, қарыз бен салымның әрбір түрі бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені көрсетуге міндеттейтін қаулы дайындайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл ретте банк жарнамаларында несиенің өсімі, айыппұлы, қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алу мүмкіндігі, коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және реттеуге беру, сотқа талап қоюмен жүгіну мүмкіндігі және банктің ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер келтірілуі қажет.
Қаулы жобасына сәйкес, коллекторлар сіздің тарапыңыздан қарыз болған жағдайда жұмыс күндері таңғы 8:00-ден 21:00-ге дейін ғана қоңырау шалуға құқылы. Тұтастай алғанда, клиенттің жеке келуі кезінде бір күнде бір байланыстан артық емес және телефон арқылы күніне үш реттен артық емес байланысқа жол беріледі.