Жаңа оқу жылына – жаңа сөмке, жаңа қуаныш: қостанайлық ұландықтар балаларды қуантты

Жаңа оқу жылына – жаңа сөмке, жаңа қуаныш: қостанайлық ұландықтар балаларды қуантты

Қостанайда әскери қызметшілердің балаларына жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауға мүмкіндік сыйлады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әскери қызметшілердің мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдары мен жаңа мектеп сөмкелері табысталды.

Түрлі оқу құралдарына толтырылған сөмкелер балалардың мектепке дайындығын жеңілдетіп қана қоймай, оларға ерекше қуаныш сыйлады. Әр балаға жасалған бұл шағын сыйлықтың артында үлкен қамқорлық пен қолдау жатыр.

blank

«Балалар – біздің болашағымыз. Олардың алаңсыз білім алып, мектепке қуанышпен баруы біз үшін маңызды. Осындай шаралар әскери қызметшілердің отбасыларына деген қамқорлықты көрсетеді», – деді әскери бөлім өкілдері.

Балалардың қуанышы мен ата-аналардың ризашылығы – шараның басты нәтижесі болды.

blank blank blank

«Мектепке жол» акциясы – балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылына қажетті жағдай жасауға бағытталған дәстүрлі әлеуметтік бастама.