Облыс орталығында өңірдегі ең алып зертхана пайда болды. Онда алдағы уақытта түрлі медициналық тексерістер жүргізілмек. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов осы зертхана орналасқан медицина орталығының тұсауын кесті.
Тәулігіне бес мыңға жуық зерттеу жүргізуге болатын орталықта ортада сирек байқалатын генетикалқ, биологиялық адам өміріне қауіпті аурулардың белгілерін тауып, алдын алуға мүмкіндік туды.
«Медицинамызға үнемі қолдау көрсетіп жатқан мемлекетімізге алғысымыз шексіз. Заманауи соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған орталық іске қосылды. Мұнда имуноқышқышқылды білетін зертхана, онкологиялық ауруларды анықтайтын орындар бөлек орналасқан. Осындай орталықтарды еліміздің барлық облыстарында халық игілігін көре бастады. Біздің өзімізге тәулігіне қырық мың адам өтініш береді. Емханалар күрделі талдауларын осында жібере алады. Сұрыптау қызметіі толықтай автоматтандырылған. Келген материалдарды тексеру орындары өз жұмысын бастап кетті», – дейді орталықтың инновациялық даму жөніндегі директоры Алексей Балась.
Адам бойындағы қан, кез келген сұйықтық топтамалары құрылғылардың сараптауынан өткізіледі.
Мында бір ғажабы, процес бір сағаттың ішінде орындалып, дайын күйінде өтініш келген жерге уақытында жіберіліп отырады. Ол ақпарат екінші монитордан көрініп, иесінің жағдайына баға беріледі. Міне, Тобыл-Торғай өңірінде медицина саласы осындай жағдайға жетіп отыр.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев