Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында жиналған көліктер ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне арнайы табысталды.
Жаңа көліктер ауыл шаруашылығы саласының маңызды бағыттарындағы инспекциялық жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған.
Бұл автокөліктер еліміздің түкпір-түкпіріне қажеттілік бойынша жөнелтілмек. Инспекторларға зиянкестермен, шегірткемен және өсімдік ауруларымен күресу жұмыстарын жүргізуде жылдам және тиімді қозғалуға мүмкіндік береді. Жаңа көліктердің тапсырылуы елді мекендердегі жұмыс тиімділігінің атуына ықпал ететінін айтады Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбеков.“Өздеріңіз білесіздер, биыл шегіртке сынды зиянкестердің талауына байланысты қиын жағдай орын алды. Іс жүзінде 3,1 млн га алаңға химиялық өңдеу жүргізілді. Негізінде 2,5 млн га жерге өндеу жүргізу жоспарланған еді. Министрлік мамандарының үйлесімді жұмысы,ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың және ҚР Үкіметінің қолдауымен ауыл шаруашылығы дақылдарының, егістіктің зақымдануының алдын алдық. Бұл жұмыстарға 2,5 мыңнан аса адам тартылып, 427 арнайы техника жұмылдырылды. Жыл аяғында Үкімет резервінен бөлінген қаржының 694,78 млн теңгесін үнемдей алдық. Осы қаржыға ҚР Үкіметі зерттеу және химиялық өңдеу жүргізу үшін дрондарды сату алуды жөн көрдік. Мәселен, 7 зерттеу дрондары, 46 химиялық өңдеу жүргізетін дрондар және 38 көлік сатып алып отырмыз. Бұл шара шегірткелердің көбеюі мен таралуына мониторинг жүргізу кезінде инновациялық технологияларды (дрондарды) енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қол жетпейтін жерлерде химиялық өңдеу кезінде дрондарды қолдану оларды тау бөктерінде және дәстүрлі бүрку әдістерін қолдану мүмкін емес басқа жерлерде қолдануға өте тиімді. Сатып алынған автокөлік мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды қамтамасыз етуге арналған жарамсыз болып қалған автомобильдердің 100-ші қажеттілігі мен жаңартылуын қамтамасыз етеді”, – дейді Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбеков.Заманауи автокөліктер инспекторларға реттеуші, іске асыру, бақылау-қадағалау және стратегиялық функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң әсерін тигізеді. Жаңа техникамен жабдықталу – бұл ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – автор