25 мая, 2025
Жаңа есім, жаңа ән, жаңа концерт!

Жаңа есім, жаңа ән, жаңа концерт!

Құрметті, Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 

Сіздерді Торғай таланттары «ТУҒАН ЖЕР ҮНІ» атты концерттік кешіне Жастар сарайына шақырады.

Өңіріміздің өнер адамдарының бірлесе отырып, қазақ халқының бай мәдени мұрасын, дәстүрін, ән мен жырының жанын ұлықтайтын ерекше іс-шара назарларыңызға ұсынылады.

 

Бұл концерт – халқымыздың рухани байлығын арттыру, өнер арқылы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ еліміздің мәдени дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Кештің қонақтары – Қонысбай Әбіл атындағы «Ғасырлар пернесі» фольклорлық-этнографиялық халық ансамблі, «ЕркеНаз» үлгілі би ансамблі, Бақытжан Байқадамов атындағы камералық хоры, ⁠«Балқадиша» жетігеншілер тобы, «Ару Аналар» аналар ансамблі, белгілі сазгер Бақытжан Сәуекенов, Жоламановтар, Ражановтар отбасылық ансамблі және тағы да басқа өнер иелері сіздер үшін жаңа репертуарларын ортаға салғалы тұр.

Олай болса, 15 мамыр күні сағат 19:00-де Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филиалына асығыңыз!

Билеттер бағасы 2000 теңге. Тикетон және Жастар сарайы кассасында сатылады.