Жаңа байқау басталды

Жаңа байқау басталды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Менің әлемім» атты жаңа байқаудың басталғанын хабарлаймыз.

Байқауға 12 жасқа дейінгі бейнелеу өнеріне бейім жеткіншектер қатыса алады.

Талаптары:

– Қатысушының аты-жөні, жасы, мекенжайы, ата-анасының (туысының, мұғалімінің) байланыс нөмірі көрсетілуі міндетті;

– Суреттер анық, сапалы түсірілуі керек;

– 10 суретке дейін қабылданады;

– Инстаграмдағы qostanai_tany парақшасына жазылып, осы байқау туралы хабарламаның астына үш танысыңыздың аккаунтын жазып қалдырыңыз;

– Баланың еркін тақырыпта (әрине, байқау тақырыбына сай келгені абзал) салған суреттерін немесе жасаған жұмыстарын суретке түсіріп, редакцияның 8771 213 72 02 whatsapp нөміріне, не болмаса kostanaytany@mail.ru поштасына «байқауға» деп жазып жіберу керек;

– Лаңкестікті, соғысты, ұлтараздық жанжалды насихаттайтын, заңға қайшы келетін, баланың танымына сәйкеспейтін суреттер қабылданбайды.

– Суреттерге бір-екі сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазып жіберсеңіздер де болады (мағынасы не, қандай мақсатпен салды).

Келіп түскен туындылар әлеуметтік желідегі парақшаларымызға салынады. Ал үздіктері газет бетінде жарияланады.

Байқау 31 мамырға дейін жалғасады. Ал, балалар, асығыңыздар! Сіздерді жақсы сыйлықтар күтіп тұр!

Жаңалықтармен бөлісу