Жан түршігерлік жол апаты: күдікті қамауға алынды

Жан түршігерлік жол апаты: күдікті қамауға алынды

«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» тас жолындағы төрт адамның өмірін жалмаған жол апатына байланысты тергеу басталды.

Осы факті бойынша, полициямен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне сай (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу), сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«TANK» маркалы автокөліктің жүргізушісі күдікті деп танылды. 2024 жылдың 30 қазанында Әулиекөл аудандық соты оны екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қылмыстық істі тергеу барысы облыс прокурорының бақылауына алынды”, – делінеді облыстық прокуратура хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда «Қостанай – Әулиекөл – Сурған» автожолының 68-шақырымында Әулиекөл ауданының Жосалы және Новонежин елді мекендерінің арасында «TANK 500» және «ВАЗ 21120» маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан еді. Өкінішке орай, апат салдарынан «ВАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізуші мен үш жолаушысы сол жерде мерт болды.

Қостанай облысының прокуратурасы қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, барлығын жол ережесін сақтауға шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу