Өмірдің кез келген нәрсеге деген құштарлығы, адамды басқа бағытқа бұратыны кездейсоқ емес. Жәнібектің де тағдыры осыған ұқсас.
Жақсы жағына қарай өзгеріп, алға қойған арман-мақсатының орындала бастағанына аса қуанышты және ол туралы әр уақыт айта бергісі келеді. Астанада халықаралық заңгерлік оқуды бітіргеннен кейін араға бірнеше жыл салып, Америкада мемлекеттік біліктілікті арттыру грантын жеңіп алды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік маманы атанды. Еңбек жолын білім және ғылым саласында мемлекеттік қызметтен бастады. Әртүрлі мобильді қосымшалар мен онлайн-қызметтерді ойлап тауып, әзірледі. Өмірінің бірнеше жылын бір керемет жоба жасауға арнады және оның жетекшісі бола білді. Осылайша косметикалық өнімдер өндірісін бастады. Сол кезде дәл осындай косметиканы бірнеше компания, соның ішінде Lancôme ұжымы шығарған. Ал Қазақстанда бұл зауыт бірегей болатын. Бұл тазалық (GMP) және технологиялық (өндірістің толық циклі) жағынан теңдесі жоқ өнім болды.
“Қазіргі уақытта, көріп отырғаныңыздай, өмір мені мал шаруашылығымен байланыстырды. Өз еркіммен ферма ашып, басқаруға шешім қабылдадым. Содан бері бес жыл өтті. Ауыл шаруашылығын Қазақстанның болашағы санап келемін. Ерте ме, кеш пе еңбек нарығында ауылшаруашылық өндірушілері сияқты жұмыс берушілердің осындай қалаулы элиталы санаты пайда болатынына сенемін. Жастар табысты фермада жұмысқа орналасу үшін кезекте тұратын болады”, – дейді ол.
Міне, Жәнібек Кенжебаев – мал шаруашылығына деген құштарлығы үшін өмірін өзгертуге осылай шешім қабылдаған адам. IT-технология, робототехника саласындағы білікті тәжірибелі заңгер, өзінің арманын жүзеге асыру үшін шулы қаладан кетіп, Торғай даласының қақ ортасында үлкен шаруа қожалығын құрды. Осы жылдар ішінде өзінің білімі мен біліктілігін қатар қолдана отырып, ферма құруды ұйғарды. Оның мақсаты бизнесте сәттілікке жету ғана емес, өркениеттен шалғай жатқан елді мекендерге жағдай жасау болатын.
Бүгінде Жәнібек басқаратын “Береке” шаруа қожалығы аймақтағы жетекші мал шаруашылығы кәсіпорындарының бірі. Шаруашылықта 7000 – нан астам мал басы бар, оның тең жартысы жылқы жануары. “Береке” шаруа қожалығы Қазақстандағы үздік ондықтың ішіндегі жылқы өсіру кәсіпорындарының қатарына кіреді. Бұл туралы газетіміздің алдағы сандарының бірінен оқи аласыздар.