Жүсіпбеков Жандос Балғынбекұлы

Лауазымы: Веб-редактор

Жұмыс телефоны: 54-63-14

1988 жылы 23 қазанда Жанкелдин ауданына қарасты Жаркөл ауылында туған. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі.

«Меңдіқара үні» газетінде, «Қостанай» телеарнасында жұмыс істеген. «Қостанай таңы» газетінде 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Сайт редакторы.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, республикалық «Астана-жүрек» мүшәйрасының жүлдегері. Облыстық бірнеше жыр додаларының жеңімпазы. “Егемен Қазақстан” газетінің 100 жылдыына арналған республикалық  “Ең қысқа әңгіме” байқауының жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын.