Мемлекеттік кірістер органдары шекара қызметімен бірлесіп, заңсыз тауар айналымын анықтау жұмыстарын белсенді жүргізуде. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде сәуір айында ҚР азаматының жалпы құны 77 620 620 теңгеге 100 806 пакет мөлшерінде заңсыз темекі өнімін әкету фактісі тоқтатылғанын хабарлады.
Жалпы көлемі 35000 қорап”Milano”, 10027 қорап “Zumerret”, 55779 қорап “Oris”темекілері темекілері темекі өнімдері тәркіленіп, сот 184600 теңге көлемінде айыппұл салумен қатар жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды.
Ведомствода сондай-ақ акцизделетін өнімді сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз сақтауға, өткізуге, тасымалдауға тыйым салынатынын еске салады.