Заңсыз адам тасыған

Заңсыз адам тасыған

Қостанай облыстық полициясы екі күннің ішінде тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер тарапынан 317 құқықбұзушылықты анықтаған. ПД өкілдері «Тасымалдаушы» операциясын өткізді. Рейд өткізудегі басты көздегендері, жазалау емес, жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алу.

Анықталған құқықбұзушылықтардың қатарында – жолаушыларға тиісудің 44 жағдайы, мас күйінде көлік жүргізген жеті жүргізуші және қарсы бағытқа шығып кету бойынша сегіз бұзушылық тіркелген. Айыптұраққа қойылған 25 көліктің бір бөлігі шетелдік нөмірлермен жүрген. Осы сынды құқықбұзушылық жасаған алты жүргізуші мемлекеттік нөмірлерінен айырылған.

«Ерекше назар заңсыз тасымалдаушыларға аударылды. Олардың саны 20, соның ішінде екеуі рөлі оң жақ бетте орналасқан көлікті басқарған. Мұндай жағдайлардың бірі Қостанай–Әулиекөл–Сұрған тас жолында тіркелді: Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі, Астана тұрғыны, 6 жолаушыны заңсыз тасымалдаған», – деп хабарлады облыстық ПД.

Облыстық ПД аға инспекторы бұл жағдай өте алаңдатарлық екенін айтады. Себебі, құқықбұзушылықтың бірнеше түрі тіркеліп отыр. Оның сөзінше, жолаушылар тасымалы қауіпсіз болуы керек.

«Біз алаңдатарлық көріністі байқап отырмыз: адамдар рұқсатсыз маршрутқа шығып, ережелерді бұзып, өзге жолаушылардың өміріне қауіп төндіруде. Біздің мақсатымыз – жолаушылар тасымалын қауіпсіз ету», – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД ЖПҚБ аға инспекторы Олеся Бабич.

Полиция өңір тұрғындарын қырағы болуға және тек ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға шақырады.

Сандуғаш БЕКМҰРАТ
ҚӨУ студенті