23 июня, 2025
Ы.Алтынсарин атындағы мектепте экологиялық фестиваль ұйымдастырылды

Ы.Алтынсарин атындағы мектепте экологиялық фестиваль ұйымдастырылды

Фестиваль Алтынсарин ауылының жанындағы ну орманда өтті.
Орманда өткен іс-шара фестивальға қатысушыларға табиғатты тамашалаумен қатар, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын іс жүзінде сезінуге де мүмкіндік берді.
Іс-шара ата-аналармен бірлесіп өткізілді және оқушыларға экологиялық тәрбие берумен қатар, үздіксіз экологиялық білім беру аясында біртұтас экологиялық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған.
Экологиялық фестиваль мектеп өміріндегі жарқын оқиғаға айналды. Іс-шара оқушылардың экологиялық мәдени деңгейін көтеруге, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды, қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге көмектеседі.
Бұл шараны мектеп оқушылары жыл сайын асыға күтеді. Себебі, мұнда олар өз жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасады. Жаңа нәрселерді үйреніп, басқа қатысушылардың идеяларынан шабыт алады.
Фестиваль қоршаған әлемді таза, әдемі және қауіпсіз ету үшін балаларды, мұғалімдерді және ата-аналарды біріктіреді. Іс-шарада шеберлік сабақтары мен экотуристік іс-шаралар өткізілді. Қатысушыларды экологиялық квесттер, ойындар, танымдық экскурсиялар қатты қызықтырды. Олар өсімдік түрлерін анықтауға, табиғатта өзін дұрыс ұстауға және оны қорғаудың маңыздылығын түсінуге үйренді. Осының барлығы фестивальді тек танымдық іс –шарасы ғана емес, сонымен қатар мазмұнды, пайдалы және есте қаларлық оқиғаға айналдырды.