Бүгін, 16 мамыр 16:00-де Qazaq Army YouTube арнасында мерзімді әскери қызмет сарбаздары арасында білім жеңілдіктерін бөлу online-форматта өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Айта кетейік, Отан қорғаушы күні қарсаңында Президент мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға мемлекеттік грант бөлу туралы заңға қол қойған болатын.
Алдағы күзден бастап азаматтар жоғары оқу орнына түсу үшін 100% жеңілдік алып қана қоймай, стипендиямен қоса толыққанды грантқа ие бола алады.
Іріктеуді өткізудің ыңғайлылығы мен ашықтығы үшін «Срочники 2.0» цифрлық платформасы енгізілді.
Сарбаздар әлеуметтік желілерде жарияланған тізімдерге сәйкес осы платформада жоғары оқу орындарына түсу сертификатын ала алады.
фото: halyq-uni.kz