Ударник ауылы интернетке қосылды

Ударник ауылы интернетке қосылды

Қала іргесіндегі Ударник ауылның тұрғындары Beeline  ұялы байланысының игілігін көруге мүмкіндік алды. Елді мекеннің орталығына биік мұнара орнатылып, озық жиіліктегі  жылдамдықпен  байланыс тетігі іске қосылды. Бұл рәсімді облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев өз қолымен барып ашты.

Қалаға іргелес жатса да  бұрын бұл аумақта байланыс атымен болмаған еді. Кейін баяу жиілікпен байланыс тетігі орнатылып, ауыл тұрғындары үшін қолайсыздық тудырып келген.

Замира Телешенкова осы ауылдың сатушысы. Қаладан тауар алдырып, адамдармен сауда жасауға келгенде байланыстың нашарлығынан  қиналатын.

«Мұнара орнатқанына қуаныштымыз. Интернетсіз  дүкенде тұрып, сауда жасау  мүмкін емес. Қазір жақсы аулай бастады. Бұрын  тауар тасымалдаушылармен хабарласа алмайтынмын. Қазір бәрі ойдағыдай», – деп қуанышын жасырмады Замира Телешенкова.

Жан-жақтағы ағайын-туыстарымен желіде хабар алмасып,  Элмира Аманбаеваның да көңілі орнына түскендей.

«Дәл қазір жақындарыммен тікелей байланыста отырмын. Кеше қарапайым байланыс ұстайтын орын іздеп жүретінбіз. Бүгін, міне, үздіксіз интернет желісінің игілігін көре бастадық. Балалалардың оқу жылы жылы қарсаңында керемет тосынсый болды», – дейді ол.

Ударник ауылына қосылып жатқан байланыс түрі Beeline екенін тағы да айта кетейік. Енді ауыл тұрғындары осы байланыс түрінің кез келген қызметін қолдана алады. Алайда осы орнатылған мұнараның көмегімен ауылдың қонақтары өзге оператормен де байланысқа шыға алады. Ал  ауылдықтардың дені осы уақытқаь дейін  Теле 2  операторын қолданып келді.

«Менің байланыс ооператорым Теле 2. Бұрын онымен ешқайда хабарласа алмайтынмын. Бірақ  Beeline -ға көшкім келмейді. Қазір теле 2 – нің өзі жақсы ұстай бастады», – дейді ауыл тұрғыны Марина Селковская.

Алайда тұрғындар үшін осы жерде ескере кететін жағдай бар. Өзге оператордың көмегіне жиі жүгіну мұнара байланысының қызметін сәл де болса баяулата түседі. Бұл туралы мұнараның ашылуында облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев айтып өтті.

«Шілде айында іске қосуды жоспарлаған едік. Дей тұрғанмен,  алдағы мейрамға тұспа-тұс келгені қуантады. Жаңа оқу жылына қарсы қосылып жатсыздар.Бұл да болса, оқуышылар үшін күтпеген сыйлық деп ойлаймын. Сіздермен жиі байланысқа шығып, жан ұшырып жүрген халық қалаулысы Евгений Сотников мырзаға рақмет айтыңыздар.  Осы жерде айта кетейін, бұл игі іс келісім шеңберінде жүзеге асып отыр. былтыр бізге  Beeline  компаниясының басшылығы келді. Облыс әкімімен  келісімге қол қойды. Кезең бойынша барлық облысқа жәрдемін беруге уәде берді. Сол уәде бүгін орындалып отыр. Тек сіздерден өтініш, осының алдындағы қолданған тетікті сөндіру қажет. Бұл байланыс операторының жұмысына кедергі келтіреді», – деді Азамат Кашиев.

Ол жайында «КарТел» ЖШС техникалық бөлімінің басшысы Алексей Малышев те жақсылап тұрғындарға түсіндіріп берді.

Ауылдықтар интернет желісіне қосылып мәз-майрам күй кешті.

Иә, бұл жерде облыстық мәслихат депутаты Евгений Сотниковтің еңбегін айта кету орынды. Халық қалаулысы сайлауалды халықпен кездесуінде Удраник аулының тұрғындарымен жолықты.

Мәселелерін тыңдады. Тұрғындар ауылда байланыстың нашарлығын айтып, болашақ депутат арқылы жоғарыдағыларға тілхат жіберді. Осылайша, ауыл тұрғындары Beeline байланыс қызметінің игілігін көруге мүмкіндік алып отыр.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу