26 мая, 2025
Владислав Киреев – Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы

Владислав Киреев – Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы

Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды. Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль. Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.