25 мая, 2025
Ұзынкөлдік отбасы қалың өрттен аман қалды

Ұзынкөлдік отбасы қалың өрттен аман қалды

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының орталығында түн ортасына таман отағасы түтіннің иісінен өзі оянып, жұбайына 112 пультіне қоңырау шалуды бұйырды.

Ер адамның өзі не болғанын көруге барғанда ас үйі мен кіреберісі қою түтіннен көрінбейді. Үй иесі дем ала алмай шығаберіске ұмтылды.

Шақыртуға келген өрт сөндірушілерге іште әйелі мен сегіз және бес жастағы екі баласы қалғанын айтты. Өрт сөндірушілер терезені сындырып, қалған отбасы мүшелерін терезе арқылы эвакуациялады.

Сонымен қатар,  жанып жатқан ас үйден 2 газ баллонды шығарып, олардың жарылып кетуіне жол бермеді.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.