Ұзынкөл ауданының бір қатар мектептері бірінші ауысым сабақтарын қашықтан оқытады

Ұзынкөл ауданының бір қатар мектептері бірінші ауысым сабақтарын қашықтан оқытады

Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан аудандағы бірқатар білім беру ұйымдары қашықтан оқыту форматына көшірілген. Бұл туралы Ұзынкөл аудандық білім бөлімі хабарлады.

Атап айтқанда, Ұзынкөл №1 орта мектебінде, К. Дөненбаева атындағы мектебінде, Троебрат жалпы білім беретін мектебінде 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан жүргізіледі.

Мұндай шешім ауа райының күрт суытуына (–25°C және қатты жел) байланысты қабылданған.

Ал қалған білім беру ұйымдары сабақтарды штаттық (дәстүрлі) форматта жалғастырып жатыр. Аудандық білім бөлімі қазіргі ауа райының оқушылардың денсаулығына кері әсер етпеуін басты назарда ұстап отырғанын жеткізді.