Ұялы телефондарды жасырын алып өтпек болған 

Ұялы телефондарды жасырын алып өтпек болған 

Қостанай облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №76 мекемесінде тыйым салынған заттарды өткізу дерегі анықталды. Мекеме қызметкерлері тексеру барысында қоғамдық қорғаушы ретінде келген азаматтың рюкзагынан екі сенсорлы ұялы телефонды алып шықты.

Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Қазіргі уақытта бұл факті бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті материалдар дайындалуда. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды әкелу заңсыз әрекет болып саналатынын және оның құқықтық ауыр салдар болуы мүмкін екенін ескертеміз”, – дейді Қостанай облысы ҚАЖ департаментінің өкілі Динара Сүлейменова.

 

Аружан Берікқызы

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу