Ұялы байланыстың бесінші буыны Қостанайда іске қосылмақ

Ұялы байланыстың бесінші буыны Қостанайда іске қосылмақ

Облыс әкімдігінің ұсынысына сәйкес биыл “Қазақтелеком” АҚ Қостанай қаласында 5-ші буын (5G) ұялы байланысының бірінші кезеңін іске қосуды жоспарлап отыр.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын,  интернет сапасын жақсарту мақсатында индустриялық аймақта, Қостанай қаласының  шағын аудандарында жаңа буынның мобильді байланысы іске асырылатын болды.

 

 «Цифрландыруды дамытуда  жоғары жылдамдықты интернетті қолданысқа  енгізу өнеркәсіптің көптеген салаларында серпіліс жасауға мүмкіндік береді және бұл жаңалық өңірдің цифрлық экономикасының өсуінің драйвері болады», – деді бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

 

“Қазақтелеком” АҚ Төрағасының жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарын сапалы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау мақсатында меморандумға қол қойылды.

Жаңалықтармен бөлісу